BAQUATTY AUDAN жобасы ауыл мектептерінің дамуына тың серпін береді

08.08.2024
BAQUATTY AUDAN жобасы ауыл мектептерінің дамуына тың серпін береді

Қазақстанда ел аймақтарын дамытуға бағытталған «BAQUATTY AUDAN» атты ауқымды бастама қолға алынды.

Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік инклюзия салаларына жаңа тәсілдерді енгізу бойынша тәжірибелік алаң ретінде Ақмола облысының Целиноград ауданы таңдалды. Пилоттық кезеңнің оң нәтижелері Қазақстанның басқа ауылдық аймақтарында да қолданылатын болады. 

Пилоттық жоба AMANAT партиясы, ESEN Foundation қоры, AÑSA қайырымдылық қоры және «Baquatty Aimaq Qory» қоғамдық қорының қолдауларымен жүзеге асырылуда.

Жаңа оқу жылының басына қарай BAQUATTY AUDAN жобасы аясында ауыл мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында ауқымды бағдарлама қолға алынды. Жобаның мақсаты – 90 басқарушы ұжым мен 500 мұғалімнің білімі мен біліктілігін арттыру арқылы өңірдегі білім саласының дамуына тың серпін беру. Тренинг заманауи онлайн сабақтар мен дәстүрлі семинарлардан құралады, сонымен қатар оқу жылында мұғалімдерге жеке қолдау беру жұмыстары да қарастырылған.

«Жобаның мақсаты – ауыл балаларын бірден сапалы біліммен қамтамасыз ету», - дейді ESEN қорының білім беру бағдарламаларының жетекшісі Камила Башарова. – Білім беру мен мектепті басқарудың сапасына, материалдық-техникалық базаның жағдайына үнемі шағымдануға болады. Бұл сұрақтар, әрине, өте маңызды, дегенменде балаларға үйірмелер, секциялар және мүмкіндіктер қазіргі таңда қажет. Ал біздің міндетіміз – нақты іс-әрекеттің қажеттілігі мен өзектілігін түсінетін адамдар мен ұйымдарды біріктіру».

Жобаға әдістік және әдістемелік қолдауды Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Педагогикалық шеберлік орталығы жүзеге асыруда. Орталық мамандары ауыл мұғалімдерінің жеке және кәсіби құзыреттілігін дамыту бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі.

«Ең бастысы – мектепте мұғалімдердің өздері үнемі дамуға тырысатындай, өзара білім алуға құштар болатындай жағдай қалыптастыру. Мұғалімдердің дағдыларын тек сырттан келуші жаттықтырушылар ғана дамытпай, сонымен қатар өздігінен білім алатын ұйымның құндылығын қалыптастыру. Мұғалімдер бір-бірін дамытуға көмектесетін, тең дәрежеде бір-бірлерін оқытатын мәдениетті қалыптастыру маңызды», - деп атап өтті Камила Башарова.

Жобаның бір мақсаты – ауыл мұғалімдерінің арасынан 40 жаттықтырушылар қатарын қалыптастыру. Мұндай мамандарды дайындау Целиноград облысындағы мектептерде 2024 жылдың маусым айында басталды. Жұмыс оқуға қатысушылардың өздері және аудандық білім бөлімінің тапсырысы бойынша жүргізіледі. Мектеп басшыларына арналған практикум, сонымен қатар бірқатар семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. Мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға үлкен мән берілуде.

Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Төлеген Нөгербаевтың айтуынша, курстарда математика және информатика, жаратылыстану (химия, физика, биология, сондай-ақ гуманитарлық пәндер) пәндерін оқыту мәселелері қарастырылады. Мұғалімдер пәнаралық әдісті қолдануды сандық ресурстарды қолдану арқылы оқушылардың функционалды   сауаттылығын дамыта отырып тәжірибе барысында үйренеді. Курс барысында әртүрлі пән мұғалімдері өз жұмыстарымен және тәжірибелерімен алмасады.

«Біз ESEN қоры, AÑSA және Baquatty Aimaq Qory бастаған ауыл тұрғындарын әдістемелік және практикалық тұрғыдан қолдауға, қоғамдық игіліктерді дамытуға бағытталған жобаға қолдау көрсетпей тұра алмадық. Мәселен, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін мектептердегі білім сапасын арттырудың нақты алгоритмі ұсынылды, оның бірінші кезеңі аудандағы мектеп басшылары мен мұғалімдерінің кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерін дамыту бағдарламалары болды», - деп атап өтті «Аманат» хатшысы Шолпан Каринова.

BAQUATTY AUDAN бастамасы аясындағы жобалардың авторларының айтуы бойынша, алдағы уақытта ауыл мектептері негізінде тәжірибе алмасу және өзгерту орталықтарын құру жоспарлануда. Бұл «Ауылдық педагогикалық академия», яғни мұғалімдер мен белсенді ата-аналардың кәсіби қауымдастығы болмақ. Жоспарда ауылдарда қосымша білім беру орталықтарын іске қосу, сондай-ақ ауыл оқушылары үшін әлеуметтік лифт қалыптастыру идеялары да бар.