AÑSA Foundation туралы

Вячеслав Ким: Бала кезімнен айналамдағы адамдардың бір-біріне көмектесіп, қиындықта қолдау көрсеткенін көріп өстім. Ағайын-туыс пен көрші-қолаңға жанашырлық танытып, бір-біріне қол ұшын созу – халқымызға тән қасиет. Өзара көмек пен адалдық та осы құндылықтардан бастау алады. Мұның бәрі мәдениетіміздің ажырамас бөлігі.

Бірнеше жылдан бері түрлі қайырымдылық жобаларына белсене қатысып, оларды жүзеге асыруға жеке қаражатымды да бөліп келемін. Осы тәжірибе қайырымдылық қорларының жұмысымен жақынырақ танысуға, олардың қоғамның дамуына қосатын үлесі мен мемлекет үшін маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде 2024 жылы AÑSA Foundation жеке қайырымдылық қоры құрылды. Бұл қорды құру арқылы өзіміз дәріптейтін құндылықтарды нақты іспен ұштастыруды көздедік. Бұл шешімге жинақтаған тәжірибеміз, берік ұстанымдарымыз және еліміздің дамуына үлес қосып, Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетуге деген ниетіміз негіз болды.

#
Вячеслав Ким Негізін қалаушы
Қор миссиясы

Денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, спорт, креативті және цифрлық индустрия салаларындағы жобаларды жүзеге асыру арқылы қоғамның дамуына үлес қосу.

Біз көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, мемлекет пен қоғамның ортақ игілік жолындағы жұмысына өз үлесімізді қосуды көздейміз.

Қордың міндеттері

Қазақстан өңірлерінің инфрақұрылымдық қажеттіліктерін тұрақты түрде зерделеу және өз сараптамасы негізінде іске асыруға лайық жобаларды іріктеу.

Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған түрлі саладағы жобаларды жүзеге асыру.

Азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталған түрлі бастамаларды жүзеге асыру және осы мақсатта серіктестерге қолдау көрсетіп, олармен ынтымақтастық орнату.

Жүзеге асырылған жобалардың ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.

Қор философиясы: «Баршаға және әркімге»

Біз Қазақстанның барлық өңірінде тұрғындардың әлеуметтік қажеттіліктері сапалы әрі тиімді шешімін табуы керек деп есептейміз және осы мақсатқа жету үшін өз мүмкіндігімізді толық пайдалануға тырысамыз

Қордың мақсаты

Añsa Foundation қорының басты мақсаты – Қазақстан қоғамын қолдау және дамыту. Қор денсаулық сақтау, білім беру, экология, мәдениет сияқты түрлі әлеуметтік салаларда жұмыс істейді. Сонымен қатар цифрландыру мен креативті экономиканы дамытуға да үлес қосады.

Қордың негізгі міндеттерінің бірі – жеке сектор мен қоғамдық бастамалардың арасын байланыстыру. Ол мемлекет, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің өзара ынтымақтастығына жағдай жасап, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді және оларды жүзеге асыруға қажетті ресурстарды жұмылдырады. Сондай-ақ қор ұзақ мерзімді әлеуметтік және экономикалық дамуға бағытталған жобаларды қолға алып, қолдау арқылы қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал етеді.

Бұдан бөлек, қор әлеуметтік мәселелерді шешуде инновациялық тәсілдерді қолданады және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетеді. Осы арқылы бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсетеді.

Инвестициялау

: Қор қаражатты қай бағыттарға жұмсайтынын елдің қажеттіліктері мен даму басымдықтарына қарай өзі шешеді. Инвестиция салу жөніндегі өтінімдер қарастырылмайды.

Қордың қызметі құрылтайшы бөлетін тұрақты және біржолғы қаражат, сондай-ақ серіктестердің ерікті қайырымдылық көмегі есебінен қаржыландырылады.

Қор жеке тұлғалардан қаражат жинамайды және мұндай бастамаларды жарияламайды.

#
Ким Вячеслав Константинович Негізін қалаушы
Меценат туралы

Вячеслав Ким – танымал қазақстандық кәсіпкер, экономист, қоғам қайраткері және меценат.

Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылардың бірі, акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы.

Alatau City Bank-тің жалғыз акционері.

Alatau City-ді дамыту кеңесінің мүшесі.

Алматы қаласы триатлон федерациясының қамқоршылық кеңесінің және Kazakh Geography – Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Вячеслав Кимнің іскерлік мүдделері қаржы технологиялары, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету салаларын қамтиды.