Су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары сэндвич-панельдерден жасалған үйлерге ие болып жатыр. Бұл құрылыс технологиясының артықшылығы қандай?
16.08.2024
2 айға жетпейтін уақыт ішінде Петропавл қаласындағы «Солнечный-2» шағын ауданында 100 үй салынды. Инженерлік, коммуникациялық және жөндеу жұмыстары аяқталған сәтте олардың кілттері бірден иелеріне табысталып жатыр.
Құрылысқа берілген қысқа мерзім құрылыс сапасына әсер етпейді. 400 үйдің құрылысын қаржыландырып отырған AÑSA жеке қайырымдылық қоры құрылыстың негізгі технологиясы ретінде сэндвич-панельдерді таңдады.
Сэндвич-панельдердің басты ерекшелігі - олардың жылулықты сақтауында. Әрбір үй 15 сэндвич-панельден тұрады. Әрқайсысының қалыңдығы 35 см болатын 8 сыртқы қабырға қыста жылулықты сақтауға мүмкіндік береді. Сэндвич-панельдердің ішінде 16 см-лік отқа төзімді қабаты бар. Бұл салынған жаңа үйлер Солтүстік Қазақстан облысының үйреншікті 40 градустық аязы мен қатты желіне де төтеп береді деген сөз.
Басқа құрылыс материалдары және технологияларымен салыстырғанда сэндвич-панельдердің тағы бір үлкен артықшылығы - монтаждау жұмыстары кезінде олардың ыңғайлылығы. Біріншіден, сыртқы қабырғалар дайын іргетасқа орнатылады, олар бетон ерітіндісімен бекітіліп, арнайы бөлімдерге дәнекерленеді. Әрі қарай, үйге сэндвич-панельдерден тұратын арақабырғалар мен шатыр орнатылады.
Панельдің өзінде кабельдік арналар, желдету және сантехникалық байланыстар қарастырылған, бұл үйдегі инженерлік жұмыстардың одан әрі кезеңдерін жеңілдетеді.
Қатты сэндвич-панельдерді пайдалану үйді салу уақытын айтарлықтай қысқартуға ғана емес, сонымен қатар ғимараттарды салуға және пайдалануға кететін шығындарды азайтуға да ықпал етеді. Сонымен қатар, сэндвич-панельдердің тартымды көрінісі басқа құрылыс материалдарымен салыстырғанда үлкен артықшылыққа ие.
Әзірге бригадаларға бөлінген құрылысшылар құрылыстың әр кезеңін аяқтауда: қабырғалар мен арақабырғаларды орнату, шатырды орнату, металл плиткаларды орнату, терезе жақтауларын орнату және үйдің ішкі әрлеуі. Жақын арада жаңа үй иелері жаңа қоныстарына көше алады.