«Baquatty Audan» пилоттық жобасы қалай жүзеге асырылуда? Бірінші жылдың қорытындысы

24.10.2025
«Baquatty Audan» пилоттық жобасы қалай жүзеге асырылуда? Бірінші жылдың қорытындысы

2024 жылдың маусым айында AÑSA қайырымдылық қоры ESEN Foundation және Baquatty Aimaq Qory қоғамдық қорымен бірлесіп, AMANAT партиясының қолдауымен «Baquatty Audan» бастамасын іске қосты. Бұл жоба Қазақстан ауылдарындағы өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.

Пилоттық аймақ ретінде Ақмола облысының Целиноград ауданы таңдалды. Бағдарлама үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда: білім беру, денсаулық сақтау және инклюзия. 

Жобаны іске асыруға AÑSA Foundation қоры 298 миллион теңге бөлді.

2025 жылдың 2 маусымында бастаманың аралық нәтижелері AMANAT партиясының төрағасына, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа, депутаттар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне таныстырылды.

Жоба жергілікті деңгейдегі шешімдердің өзі ауылдық жердегі адамдардың өмірін айтарлықтай өзгерте алатынын дәлелдеді.

Бастаманың нәтижелерін қорытындылайық.

«Білім беру» бағыты

Ауыл мұғалімдері мен мектеп басшыларының кәсіби біліктіліктерін дамытуға, Ауылдық педагогикалық академия мен қосымша білім беру Орталығын құруға және цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған жобалар әзірленді. Бұл бастама Целиноград ауданының 80%-дан 100%-ға дейінгі мектептерін, соның ішінде мұғалімдерді, директорларды және оқушыларды қамтыды.

«Басшылар мен педагогтардың кәсіби біліктіліктерін дамыту» жобасы

Мақсаты: ауданның басқару кадрларының сапасын арттыру.

Серіктес: АББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы. 

Бір жылдың ішінде оқыту процесіне қатысушы 3000-нан астам адам арасында сауалнама жүргізілді және 30 мектеп командасы (90 басшы) үшін басқарушылық симуляторларды қолдану арқылы тренингтер ұйымдастырылды. Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 500 педагог өтті. Тағы 265 мұғалімге курстан кейін де қолдау көрсетілуде. 

2024 жылдың тамыз айында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас педагогтар арасындағы III Республикалық форумы өтті. Форумға еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден астам қатысты, соның ішінде 150 жас мұғалім Целиноград ауданының ауылдарынан келген. 

Форум «Жас ұстаздың инсайты» әдістемелік челленджінің жеңімпаздарын және Instagram-дағы 5000-нан астам жас педагогты біріктіретін «Жас ұстаз» парақшасында өткен «Педагогикалық дуэт» подкастының қатысушыларын салтанатты марапаттаумен аяқталды.

Жеңімпаздар ПШО атынан алғыс хаттар мен әдістемелік құралдар, сондай-ақ AÑSA Foundation және ESEN Foundation консорциумынан сыйлыққа сертификаттар алды. Форум аясында өз шеберлік сабақтарын ұсынған 20 педагогқа арнайы алғыс білдірілді.

«Ауылдық педагогикалық академия» жобасы

Мақсаты: бірлесіп оқу мен дамуға бағытталған мұғалімдер қауымдастығын құру.

Серіктес: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.

Аудан мектептерінің 100%-ын қамтитын мұғалімдер, директорлар және оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың кәсіби қауымдастықтары құрылды.

Педагогтардың қажеттіліктері қарастырылды, оқыту сессиялары, вебинарлар, тренингтер және педагогикалық хакатондар өтті. Тұрақты байланыс үшін онлайн-платформа іске қосылып, мұғалімдерге арналған коворкинг орталығы ашылды.

Ауылдық педагогикалық академия аясында ауыл мұғалімдерінің кәсіби өсуі мен тәжірибе алмасу алаңына айналған оқырман клубы құрылды.

«Ауылдық қосымша білім беру орталығы «5 SANDYQ» жобасы

Мақсаты: ауыл балаларының қазіргі таңда қосымша білім алуларына мүмкіндік беру.

Серіктестер: BINOM мектебі, «Paradigm Shift» ЖШС, Genomix.

Қызылжар және Талапкер ауылдарында  арнайы дайындықтан өткен 15 педагог жұмыс істейтін 10 үйірме мен секция ашылды. Сабақтарға арналған спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды, ал мұғалімдердің еңбекақысы ретінде қосымша төлемдер аудан бюджетіне енгізілді.

Балалар саны Талапкерде 60%-ға, Қызылжарда 83%-ға жетті, бұл көрсеткіштер Астана және осы саладағы әлемдік көшбасшылар деңгейімен салыстыруға болады.

Жобаның ықпалы

Жобаның тиімділігі тек білім беру саласында ғана емес, басқа бағыттарда да байқалды: буллинг пен қараусыздық деңгейі төмендеп, оқушылардың психологиялық жағдайы жақсарды, олардың белсенділігі мен өзіне деген сенімділігі артты. Ата-аналар білім сапасына және балалардың мектеп өміріне белсенді қатысуына қанағаттанушылық білдіруде.

«Денсаулық сақтау» бағыты

Целиноград ауданында қор алғашқы медициналық көмекті жаңғырту және телемедицинаны дамыту бойынша кешенді бағдарламаны жүзеге асыруда. Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарына қажет медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

Басты жұмыс бағыттары:

  • медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
  • телемедициналық технологияларды енгізу;
  • пациенттер маршрутын оңтайландыру;
  • 5Р-медицина қағидаттарын дамыту (жекелендірілген, предиктивті, превентивті, партисипативті и прецизионды медицина);
  • қала және ауыл медицинасын Agglomeration Health тұжырымдамасы аясында біріктіру;
  • медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

«Астана» медицина университеті мен UMC Жүрек орталығы негізінде 450-ден астам маман оқудан өтті.

Мейірбикелер:

  • «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және атеросклерозы бар пациенттерді басқару» бағытындағы тағылымдама – 40 адам;
  • «Негізгі реанимация» курсы – 183 адам;
  • «Балалар арасындағы диагноздарды интеграциялық жүргізу» курсы – 15 адам;
  • «Патронаждық қызмет көрсету жүйесіндегі кейс-менеджмент» курсы – 10 адам. 

Дәрігерлер мен денсаулық сақтау менеджерлері:

  • «Эндокринологияның өзекті мәселелері» – 28 адам;
  • «Көшбасшылық және адами ресурстарды басқару» – 14 адам;
  • «Медициналық этика және коммуникациялық дағдылар» – 52 адам;
  • «Фтизиопульмонология (оның ішінде балалар фтизиопульмонологиясы)» – 29 адам;
  • «Негізгі реанимация» – 53 адам;
  • «Клиникалық зертханалық диагностикалаудағы инновациялар» – 27 адам.

Телемедицинаны дамыту және жабдықтау

Целиноград аудандық емханасы төмендегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді:

  • 9 телеметриялық ЭКГ аппараты (қызметкерлер оқытылды, ауданның қажеттілігі толық жабылды);
  • 10 стационарлық компьютер, 5 принтер;
  • 1 қызметтік автомобиль.

Жоба аясында ай сайын ауданның 44 медициналық нысанын аралау ұйымдастырылады. Бір жыл ішінде:

  • 2902 үй шаруашылығы тексерілді;
  • жүрек-қантамыр аурулары қаупі бар 207 науқас анықталды (оның ішінде бұрын жүйеге тіркелмеген 114 адам);
  • 4 адам коронарлық синдром диагнозымен шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Медициналық үдерістерді оңтайландыру

Пациенттердің негізгі медициналық бағыттары жүктілікті бақылаудан бастап, жүрек-қан тамыр ауруларына жоғары технологиялық көмек көрсетуге дейін қайта қаралып, оңтайландырылды.

Жұмыстың нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі жанынан телемедицина мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру бастамасы көтеріліп, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру туралы меморандум дайындалды.

«Инклюзия» бағыты

«Арнайы қолдау кабинеттерін ашу» жобасы

Бастама аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.

Ғимараттар эргономика, қауіпсіздік және жайлылық талаптарына сай жөнделіп, бейімделді. Инклюзивті білім беруге қажетті жабдықтармен мектептерді қамтамасыз ету бойынша 8 келісімшартқа қол қойылды.

Целиноград ауданының 4 мектебіне интерактивті панельдер, компьютерлер, көпфункционалды құрылғылар, ISKU жиһазы, дидактикалық материалдар және магнитті-маркерлік тақталар орнатылды.

2024 жылдың 24 қазанында Ы. Алтынсарин, Қараменды батыр, Қызылжар және Оразақ ауылдарында төрт кабинеттің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға жобаның серіктестері, педагогтар, ата-аналар мен балалар қатысты.

«Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен кабинеттердің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу басталды. Мұнда мінез-құлықты қолданбалы талдау (ABA-терапия) әдістері енгізілуде. Педагогтар мен кураторлардың алғашқы кездесуі 2024 жылдың 14 қарашасында Астана қаласындағы №95 мектебінде өтті.

Ашылған кабинеттер аясында қазіргі таңда ауданның төрт мектебінен шамамен 50 бала тұрақты қолдау алып отыр.

2025 жылдың қыркүйегінде бесінші кабинет Көкшетау қаласында ашылды. 

«Baquatty Audan» бастамасы тұрақты нәтижелер көрсетіп, өзінің тәжірибелік маңызын дәлелдеді. Бұл жоба ауылдық аймақтардағы білім беру, денсаулық сақтау және инклюзия салаларын барынша қолжетімді еткен қолдау жүйесін қалыптастырды. Жоба дұрыс қабылданған шешім өңірдегі өмір сапасын өзгерте алатынын көрсетті. Тіпті аралық қорытындыға сүйене отырып, бастаманы мемлекет деңгейде жүзеге асыруға болатындығына көз жеткізілді.