ANSA Foundation Петропавлдың “Бірлік” шағын ауданы тұрғындарына жаңа балабақша сыйға тартты

18.10.2024
ANSA Foundation Петропавлдың “Бірлік” шағын ауданы тұрғындарына жаңа балабақша сыйға тартты

Петропавл қаласының "Бірлік" ш/а жаңа балабақша ашылды. Ол 90 орынға арналған және төрт түрлі жастағы топтарда жұмыс істейді. Оқыту екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Құрылыстың қысқа мерзім ішінде аяқталғанына қарамастан, мектепке дейінгі мекеме барлық талаптарға сай келеді. Мұнда бөлмелер жарық, жылы, заманауи ойын кешендері орнатылған, Оқу материалдары мен сабақтарға арналған жабдықтар дайындалған. Қауіпсіздікке ерекше назар аударылады: бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі жүйелері қосылған.

Балабақшаның ашылу салтанатына Сенаттың вице-спикері Ольга Перепечина мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Өңір басшысы жаңа балабақша салу Мемлекет басшысының 2024 жылғы көктемгі жаппай су тасқынынан кейін Қазақстанның инфрақұрылымын салу және қалпына келтіру жөніндегі үндеуіне жауап берген меценаттардың қолдауының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. "Бірлік" жаңа шағын ауданында 3000 – ға жуық тұрғын тұрады - бұл су тасқынынан зардап шеккен 700 отбасы. Оларды қолдау аймақ басшылығы үшін басым міндет болды. 

Ғауез Нұрмұхамбетов ANSA Foundation негізін қалаушы және Kaspi.kz Басқарма Төрағасы Вячеслав Кимге ерекше алғысын білдірді. Балабақша құрылысы ANSA қайырымдылық қорының қаражаты есебінен жүргізілді.