Адами капиталға құйылған инвестиция: 2025 жыл AÑSA Foundation үшін несімен есте қалды?

26.12.2025
Адами капиталға құйылған инвестиция:  2025 жыл AÑSA Foundation үшін несімен есте қалды?

2025 жылы Вячеслав Ким құрған AÑSA Foundation қоры жаңа деңгейге көтеріліп, мемлекетпен, қоғаммен және бизнеспен бірге жұмыс істейтін маңызды әлеуметтік серіктеске айналды.

Жыл бойы қор білім беру, денсаулық сақтау, инклюзия және спорт салаларында бастамаларды іске асырып, бір жолғы акцияларға емес, ұзақ мерзімді әлеуметтік әсері бар тұрақты даму үлгілерін қалыптастыруға басымдық берді.

AÑSA Foundation-ның басты ұстанымы — адам ресурсын дамыту, жергілікті мамандарды тәрбиелеу және пилоттық жоба аяқталғаннан кейін де тиімді жұмыс істейтін жүйе құру.         

Ауылдық аймақтар – дамудың жаңа мүмкіндігі. «Baquatty Audan» жобасы

2025 жылдың негізгі жобаларының бірі – AÑSA Foundation қорының Ақмола облысы Целиноград ауданында жүзеге асырылған «Baquatty Audan» жобасына қатысуы. Жоба Esen Foundation және «AMANAT» партиясының бірігуі арқылы жүзеге асырылып, ауылдық аймақтарды кешенді дамытуға бағытталды.

Бүгінде Қазақстан халқының 37%-ы, яғни шамамен 7,6 млн адам ауылдық жерде тұрады, ал елдегі ауылдар мен елдімекендердің саны 6 200-ден асады. Сондықтан өңірлер үшін тұрақты шешімдерді іздеу – тек әлеуметтік міндет емес, сонымен қатар ел дамуының стратегиялық басымдығы.

Пилоттық жоба нәтижелері Астана қаласында Президент Әкімшілігі, мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымы, әлеуметтік және қайырымдылық қор өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында қорытындыланды.

«Baquatty Audan» ауқымды инвестициясыз да нақты шаралар арқылы және мамандарды оқыту, заманауи басқару мен білім беру тәжірибелерін енгізу есебінен ауылдық аймақтарда айтарлықтай өзгерістер жасауға болатынын көрсетті.

Әдістемелік оқшауланудан кәсіби қауымдастықтарға дейін

«Baquatty Audan» пилоттық жобасының негізгі бағыттарының бірі – білім беру. Оның басты мақсаты – ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру және кадрлық тәуекелдерді азайту.

Жоба барысында:

  • НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушыларымен бірге 300-ден астам сабақ, тренинг және семинар өткізілді;
  • 500 мұғалім мен 90 мектеп директоры оқудан өтті;
  • біліктілікті арттыру квотасының тапшылығы ішінара өтеліп, мұғалімдердің кәсіби күйзеліс деңгейі 20% төмендеді.

Маңызды институционалдық нәтиже – 7 кәсіби қауымдастық аясында шамамен 1 000 педагогтың басын біріктірген Ауылдық педагогикалық академиясының құрылуы. Акмол ауылында мұғалімдерге арналған заманауи коворкинг-орталық, яғни қарым-қатынас пен ортақ идеялар алаңы ашылды.  

Бұл аудан бойынша бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік берді: бір мектепке енгізілген тәжірибе басқа мектептерге де жедел таратылып, оқыту сапасындағы айырмашылық деңгейі төмендеді.

Сонымен қатар қосымша білім беруге ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект, робототехника, биотехнология, мобилография, театр және вокал үйірмелері ауыл мектептерінің өзінде қолжетімді болды. Соның нәтижесінде үйірмелермен қамту деңгейі Талапкерде 59%-ға, Қызылжарда 83%-ға жетті.

Сарапшылардың пікірінше, оқу, математика және сыни ойлау бағыттарын дамыту – елдің болашақ экономикасына тікелей инвестиция.

Инклюзия: бірыңғай стандарттар және қолжетімділік

«Baquatty Audan» жобасы аясында инклюзияға ерекше назар аударылды.

Қазақстанның ауылдық өңірлерінде 300 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады, ал сапалы инфрақұрылымға қолжетімділік әлі де шектеулі.

Целиноград ауданында:

  • Оразақ, Алтынсарин, Қызылжар және Қараменды Батыр мектептерінде 4 инклюзивті кабинет ашылды;
  • 63 бала жүйелі қолдау алуда;
  • ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін 20 маман даярланды.

Кейін бұл тәжірибе Көкшетауда жалғасын тауып, бесінші кабинет ашылды. Енді бүкіл өңір бойынша инклюзивті білім берудің ортақ ережелері қалыптасуда.

Денсаулық сақтау саласы: алғашқы медициналық көмекті күшейту

«Baquatty Audan» жобасы денсаулық сақтау саласында негізгі назарды кадр даярлау мен алғашқы медициналық буынды жабдықтауға аударды. Қазіргі диагностикалық әдістер мен телемедицина жаңа инфрақұрылымсыз ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Нәтижелер:

  • 492 медицина қызметкері оқытылды;
  • 40 медбике Ұлттық кардиология орталығында біліктілігін арттырды;
  • BLS стандарттары бойынша 171 медбике және 52 дәрігер дайындықтан өтті.

Сонымен қатар, Целиноград аудандық емханасы келесідей жабдықтармен қамтамасыз етілді:

  • 9 телеметриялық ЭКГ аппараты (кадрлар оқытылды, ауданның қажеттілігі жабылды);
  • 10 стационарлық компьютер, 5 принтер;
  • 1 қызметтік автомобиль.

Бұл модель ауылдық аймақтар үшін ерекше маңызды: диагностика уақыты қысқарады, қауіп-қатер төмендейді және алғашқы медициналық көмектің рөлі күшейеді. Дайындықтан өткен мамандар өз жұмыс орындарында қызмет атқарып, ұзақ мерзімді нәтижеге ықпал етеді.

Инклюзия және спорт: Қазақстандық бочча Федерациямен серіктестік

2025 жылдан бастап AÑSA Foundation Қазақстан бочча федерациясының ресми серіктесі атанды. Серіктестіктің мақсаты – параспортты дамыту, ұлттық құраманы қолдау және қоғамда инклюзивтік құндылықтарды дамыту.   

Өткен жылдың маңызды оқиғасы – Астанада өткен Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турнирі. Бұл турнир 2028 жылы өтетін Паралимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне енді. Жарыста 12 елден келген 56 спортшы бақ сынасып, ал Бочча халықаралық федерациясы (BISFed) жарыстың ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық бочча құрамасы 6 медаль (соның ішінде 3 алтын) жеңіп алып, халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.

Хоккейдегі импакт-серіктестік

Қор жұмысының тағы бір бағыты — еліміздің ең танымал командаларының бірі болып саналатын «Барыс» хоккей клубымен импакт-серіктестік орнатуы. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамыту, дарынды спортшыларды қолдау және салауатты өмір салты мәдениетін насихаттау.

Бұл жоба спорттың тәрбиелік рөлін күшейтіп, жастардың жауапкершілік, еңбексүйгіштік секілді қасиеттерді сіңіруіне оң ықпалын тигізеді.

Болашаққа бағдар

2025 жылдың нәтижелері AÑSA Foundation ұстанатын – серіктестік, мамандарды дамыту және жүйелі тәсілге негізделген жұмыстың тиімді екенін айқын көрсетті. Бұл бастамалар әлеуметтік өзгерістердің шын мәнінде тұрақты болуы үшін бірреттік акциялар жеткіліксіз екендігін және білім, денсаулық сақтау, инклюзия және спорт салаларында ұзақмерзімді, жұмыс істейтін жүйелер құру екендігін көрсетті. AÑSA Foundation енді өз тиімділігін көрсеткен жобаларды одан әрі көбейтпек. Қор түрлі секторлардағы серіктестерінің басын біріктіріп, әлеуметтік өзгерістерді тұрақты, күнделікті іске айналдыруды жалғастырады.