Қор басшылығы
Жұманбай Мұрат Ақтайұлы

Жұманбай Мұрат Ақтайұлы

AÑSA жеке қорының атқарушы директоры

Қазақстандық медиаменеджер, коммуникация және PR саласындағы жоғары білікті маман, сарапшы.

1983 жылғы 18 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үйленген, алты баласы бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін (қазір MNU), 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Студенттік шағында «Орда» дебат клубын құрған.

Марапаттары:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдары;
«Қаржы полициясының үздігі» I және II дәрежелі, «Қаржы полициясы органдарына 15 жыл», «Қаржы полициясы органдарына 20 жыл» және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері;
ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының төсбелгісімен қоса берілген Құрмет грамотасы.

Медиа және сарапшылық қызметі
Қазақстан, Хабар, 24KZ, 7 канал, AstanaTV, Jastar LIVE, PR Drive, NITEC және басқа медиаплатформаларда пікір білдіріп, «Erbol Seilkhan» және «НеКурултай» жобаларына сарапшы ретінде қатысты.
«Без галстуков с Муратом Жуманбай» жобасының авторы.

Еңбек жолы

  1. 2004-2009

    Қаржы полициясы академиясының оқытушысы және аға оқытушысы

  2. 2009-2014

    Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз хатшысы және баспасөз орталығының басшысы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі, төрағаның кеңесшісі

  3. 2014-2016

    ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі, Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінің жетекшісі

  4. 2016-2017

    ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы

  5. 2017

    ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары, ресми өкілі; Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі, кеңесші

  6. 2017-2021

    «Азаматтарға арналған үкімет» МК PR-департаментінің директоры, басқарушы директоры

  7. 2021-2022

    «Академия Ел Үміті» корпоративтік қорының басқарушы директоры

  8. 2022-2024

    Jaidarman Creative Industries басқарушы директоры

  9. 2024

    «Ozgerteam» қоғамдық қорының құрылтайшысы және директоры

  10. 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін

    Añsa жекеменшік қорының атқарушы директоры

Басшылықтың басқа мүшелері