AÑSA Foundation туралы

Вячеслав Ким: «Көршілер, туыстар және қарапайым отандастар бір-біріне көмектесіп, қиын-қыстау кезінде бірігетін ортада бала кезімізден бастап өсіп, оны әрбір қазақстандық көретін. Бізге адалдық пен өзара жәрдемдесу құндылықтарын сіңдіреді. Мұның барлығы біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі».

Жеке қаражатымды түрлі қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға бірнеше жыл бойы белсенді түрде қатысып, жұмсадым. Қайырымдылық қорларының қалай құрылатынын, олардың қоғам мен мемлекеттің дамуына құндылығы қандай және қалай әсерін тигізетіні жайында тәжірибе жинақтап, түсінуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде 2024 жылы Añsa жеке қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданды. Қор құру, бұл мәдениетіміздің іс-әрекеттегі көрінісі. Бұл жеке тәжірибеге, мотивация мен елімізді жақсартуға және Қазақстан азаматтарына көмектесуге деген ұмтылысқа негізделген ойластырылған қадам.

#
Вячеслав Ким Негізін қалаушы
Қор миссиясы

Денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, спорт, креативті және цифрлы индустрия салаларында қайырымдылық жобаларын іске асыру арқылы қоғам дамуына қатысу.

Біз үкімет пен қоғамдастықтың күш-жігерін қажет ететіндерге қолдау мен ресурстар ұсыну арқылы толықтыруға тырысамыз.

Қор өз алдына қандай тапсырмаларды қойып отыр?

Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жағдайды үнемі зертеу және өзіндік сараптама негізінде жобаларды іске асыруға іріктеу;

азаматтардың өмірлерін жақсартуға бағытталған әртүрлі саладағы жобаларды іске асыру;

азаматтардың өмірлерін жақсартуға бағытталған әртүрлі саладағы жобаларды іске асыру;

ұзақмерзімді тұрақтылықты және іске асырылған жобалардың нәтижелігін қамтамасыз ету.

Философиясы:

«Барлығы және әрқайсысы үшін». Қор ерекшеліксіз, Қазақстанның барлық аймақтарында әлеуметтік қажеттіліктерді сапалы және тиімді қанағаттандыру қажет екеніне сенімді және өз мүмкіндіктері аясында бұған қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салып отыр.

Қордың рөлі қандай?

Añsa Foundation рөлі қазақстандық қоғамды дамыту мен қолдау. Оның қызметі әртүрлі әлеуметтік салаларды қамтиды, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, экология, мәдениет. Цифрландыру және креативті экономика сияқты салаларды дамытуға көмектесу маңызды болып табылады.

Қоғамдық бастамалар мен жеке сектор арасындағы байланыстырушы тетігі функциясы қордың маңызды рөлдерінің бірі. Мемлекет, бизнес, ҮЕҰ мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылға негіздеме құрастырып, әлеуметтік жобаларға қолдауды қамтамасыз етеді және ресурстарды жұмылдырады. Сондай-ақ қор ұзақ мерзімді әлеуметтік және экономикалық жақсартуға бағытталған жобаларды бастау және қолдау арқылы оң өзгерістердің катализаторы ретінде әрекет етеді.

Сонымен қатар, қор әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында инновациялық шешімдерді енгізіп жатыр және қалыпты даму принциптерін іргелендіру арқылы, бизнестің қоғам алдына жауапкершілігін көрсетеді.

Инвестициялау

: Қор дамудың қажеттіліктері мен басымдықтарын ескере отырып, инвестициялау салаларын өздігінен анықтайды және инвестициялауға өтінімдерді қабылдамайды.

Қаржыландыру құрылтайшының тұрақты және біржолғы жарналары және серіктестердің ерікті қайырмалдықтары есебінен жүзеге асырылады.

Қор жеке тұлғалар арасында қаражат жинауға үгіттемейді және іске асырмайды.

#
Ким Вячеслав Константинович Негізін қалаушы
О меценате

Вячеслав Ким – танымал қазақстандық кәсіпкер, экономист, қоғам қайраткері, меценат.

Kaspi.kz акционері мен директорлар Кеңесінің төрағасы, негізін қалаушылардың бірі

Қазақстан таэквондо Ұлттық Федерацияның президенті, Алматылық триатлон Федерацияның қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Kazakh Geography – Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Вячеслав Кимнің іскерлік қызығушылықтарына финтех, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, тұтыну тауарлары мен қызметте кіреді

Қор басшылығы
Пан Виталий Валентинович
Қамқорлық кеңес мүшесі Пан Виталий Валентинович
Терещенкова Светлана Александровна
Қамқорлық кеңес мүшесі Терещенкова Светлана Александровна
Сагынаев Канат Талгатович
Директор Сагынаев Канат Талгатович