AÑSA Foundation – «Барыс» хоккей клубының ықпал етуші серіктесі
28.10.2025
AÑSA жеке қайырымдылық қоры Қазақстандағы ең танымал спорт командаларының бірі «Барыс» хоккей клубының ықпал етуші серіктесі атанды. Бұл серіктестік қордың спорттың дамуына және еліміздегі жас хоккейшілерге жаңа мүмкіндіктер жасауға қосып отырған үлесін арттыра түседі.
AÑSA Foundation денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, спорт, креативті және цифрлық индустрия салаларын қамтиды. Қор инфрақұрылымдық жобалардан бастап, адами капиталды дамыту бағдарламаларына дейін, яғни қоғамның дамуына ықпал ететін бастамаларды қолдайды. Қордың басты миссиясы - жеке сектор мен әлеуметтік міндеттерді байланыстыра отырып, ұзақмерзімде ықпал ететін тұрақты шешімдер қабылдау.
AÑSA Foundation мен «Барыс» клубының бірлескен бастамалары балалар мен жасөспірімдер хоккейін дамытуға, дарынды спортшыларды қолдауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталады. Спорт жастардың бойындағы жақсы қасиеттерді, яғни жауапкершілік, еңбекке құрмет және қиындықтарға дайын болу секілді дағдыларды қалыптастыру құралына айналуда.
«Барыс» командасы мінез бен күштің, бірліктің үлгісі. Жеке қор мен хоккей клубы ықпал етуші серіктес болу арқылы болашаққа үлес қосып отыр. Біз мұз айдынында да, спортта да, өмірдің өзге салаларында да елдің ертеңгісін қалыптастыратын жастарды қолдаймыз», - деп атап өтті AÑSA Foundation өкілдері.
Қор мен клуб біріге отырып, спорт саласын балалар мен жасөспірімдер үшін қолжетімді етуге және Қазақстанда мықты спорт инфрақұрылымын дамытуға күш салмақ.