Татьяна Ким AÑSA Foundation Қамқоршылық кеңесінің құрамына енді

15.09.2026
Татьяна Ким AÑSA Foundation Қамқоршылық кеңесінің құрамына енді

Татьяна Ким қордың жалғыз құрылтайшысының шешімімен 2026 жылғы 15 тамыздан бастап AÑSA Foundation Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді. Қазіргі таңда Қамқоршылық кеңесіне Татьяна Моисеевна Цой төрағалық етеді. Кеңес құрамында Светлана Александровна Терещенкова мен Татьяна Игоревна Ким бар.

Қамқоршылық кеңес құрамының кеңеюі қордың мәдени бастамаларын жаңа бағыттармен толықтыру кезеңіне сәйкес келіп отыр. Соңғы жобалар Қазақстанның жас таланттарын қолдауға және олардың кәсіби дамуына жағдай жасауға бағытталған. Орындаушылар, креаторлар және шығармашылық индустрия өкілдерін тұрақты қолдап келе жатқан Татьяна Кимнің кеңес құрамына қосылуы осы бағыттағы жұмысты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Қордың түсінігінде таланттарды қолдау – жас авторларға өз идеяларын жүзеге асыруға, шығармашылығын кең аудиторияға ұсынуға және жобаларын дамытуға қажетті ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін орта қалыптастыру.

Мәдени жобалар AÑSA Foundation қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Қор Қазақстан қоғамының әлеуметтік және мәдени дамуына бағытталған бастамаларды қолдап, мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылына арналған алаң қалыптастырады. Бұл жұмыс «Баршаға және әрқайсысына» қағидатына негізделген. Қор қолдау көрсетілетін жобаларды өзінің миссиясы мен басым бағыттарына сәйкес айқындайды.