AÑSA қоры 2000-нан астам қазақстандыққа көмек көрсетті

24.02.2025
AÑSA қоры 2000-нан астам қазақстандыққа көмек көрсетті

AÑSA Foundation 2024 жылы елімізде пайда болған әлеуметтік сын-қатерлерге жауап ретінде құрылды. 2024 жылы AÑSA жеке қоры 2000-нан астам қазақстандыққа көмек көрсетті.

Мемлекет басшысы бизнес-қауымды су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге атсалысуға шақырып үндеу жасаған кезде AÑSA Foundation елдегі ұйымдардың алғашқысы болып қолдау көрсетті. 

Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 20 млрд теңге бөлінді. Петропавл қаласының «Бiрлiк» жаңа шағын ауданында 300 жеке үй және 90 орындық балабақша салынды, ал Атбасар қаласында 100 пәтерлік екі тұрғын үй бой көтерді. Сондай-ақ AÑSA Foundation қорының қаражаты есебінен зардап шеккен өңірлердің тұрғындары екінші нарықтан өздеріне баспана сатып алу мүмкіндігіне ие болды.   

Ауыл тұрғындарының сапалы медицина, білім және инклюзияға қолжетімділігін арттыру мақсатында «BAQUATTY AUDAN» бастамасы іске қосылды. Пилоттық жобалар алаңы ретінде Ақмола облысының Целиноград ауданы таңдалды.

Білім беру саласындағы бастамалар 2024 жылдың маусым айында ауылдық мектептердің мұғалімдері мен басшыларына арналған кәсіби және тұлғалық даму бағдарламаларынан басталды. Алдағы уақытта ауылдық мектептерде «Ауылдық педагогикалық академия» және Қосымша білім беру орталықтары үлгілері енгізілмек. 

«BAQUATTY AUDAN» бастамасын AÑSA Foundation Esen Foundation жеке қоры және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, «Аманат» партиясының қолдауымен жүзеге асыруда.  

2025 жылы кәсіпкер және меценат Вячеслав Ким негізін қалаған қор жеке сектормен және қоғамдық ұйымдармен серіктестікті нығайтуды жоспарлап отыр. Бұл әріптестік қазақстандық қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған. Қазақстанның дамуы және оны қолдау ANSA үшін басым бағыт болып қала береді

.