AÑSA Foundation Қазақстанның III бочча кубогына қолдау көрсетті. Чемпионат қорытындысы

14.11.2025
AÑSA Foundation Қазақстанның III бочча кубогына қолдау көрсетті. Чемпионат қорытындысы

Астанада еліміздегі қарқынды дамып келе жатырған параолимпиядалық спорт түрлерінің бірі бочча бойынша Қазақстан Республикасының III Кубогы өз мәресіне жетті.

Турнир 9–14 қараша аралығында «Аспан» спорт кешенінде өтті және өзінің ауқымы жағынан рекордтық болды, өйткені 15 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаладан 120 спортшы жеке, жұптық және командалық сайыстарда жүлде үшін бақ сынасты. 

Бочча – тірек-қимыл аппараты ауыр зақымданған адамдарға арналған параолимпиядалық спорт түрі. Ол стратегиялық ойлауды, дәлдікті және эмоциялық тұрақтылықты дамытады. Ойын жоғары зейін қоюды талап етеді: спортшылар кезекпен былғары доптарды лақтырып, өз добын ақ «джекке» мүмкіндігінше жақын орналастыруға тырысады.

Қатысушылардың рекордтық саны және дайындықтың жаңа деңгейі

Егер 2023 жылы Кубокқа 40 спортшы қатысқан болса, бүгін олардың саны үш есе артты. Бұл елімізде боччаның қарқынды дамып жатқанын көрсетеді: өңірлік федерациялар ашылуда, арнайы үйірмелер жұмыс істейді, кәсіби база кеңеюде.  

«Биылғы Кубоктың ерекшелігі – оның ауқымы. Спортшылар саны көбейіп, бәсекелестік күшейіп келеді, жаңа есімдер пайда болуда, – дейді Қазақстанның ұлттық бочча құрамасының аға жаттықтырушысы Диана Молдахметова. – Қатысушылар тактика, ойлау, техника жағынан айтарлықтай өскен. Бұл – қуантатын жағдай».

Турнир екі жас санаты бойынша өтті: 11–14 жас аралығындағы жасөспірімдер және 15 жастан асқан ересектер. Аймақтар Астанаға ең мықтыларды жіберу мақсатында алдын ала іріктеу жарыстарын өткізді.

Ұйымдастырушылар мен әріптестер

Кубокты Спорттық даярлық орталығының және Астана қаласының Спорт басқармасының қатысуымен Қазақстан бочча федерациясы ұйымдастырды. Турнирге серіктестер қолдау көрсетті: Вячеслав Кимнің жеке AÑSA қоры, Еуразиялық топ ERG, Samruk-Kazyna және Sport Qory қоры.

AÑSA Foundation атқарушы директоры Мұрат Жұманбайдың айтуынша, параспортты қолдау – қордың ұзақ мерзімді және маңызды міндеті:

«Қордың негізін қалаушы, меценат әрі кәсіпкер Вячеслав Кимнің мақсаты - әлеуметтік және спорттық жобалар арқылы қазақстандық қоғамның дамуына үлес қосу. Параспорттың дамуына көмектесу, бочча спортшыларына халықаралық деңгейде қолдау көрсету – біз үшін үлкен мәртебе. Алда бізді жаңа жеңістер мен үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенеміз», – деді ол.

Бочча инклюзияға арналған кеңістік

Қазақстанда бочча ресми түрде 2021 жылы ұлттық Федерация құрылғаннан кейін дами бастады. Бүгінде өңірлерде арнайы үйірмелер ашылып, жергілікті командалар құрылуда, ал спортшылар жүйелі түрде жаттықтырылуда. Федерация аясында екі жылдан бері ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың дені сау құрдастары бірге ойнайтын турнирлер өткізіліп келеді.  

«Бұл спорттың ерекше балалар үшін пайдасы зор. Олар сыныптастарымен бірге ойнағанда, жағымды эмоцияға ие болып, көңіл-күйлері жақсарады. Ата-аналар арасында да белсенді қарым-қатынас орнайды. Ең бастысы - балалар  эмоционалдық қолдау алады. Қоғамда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген көзқарас біртіндеп өзгеріп келеді: оларды өзгелермен тең, сондай-ақ құрметке лайық тұлға ретінде қабылдай бастады. Олар тең жағдайда бәсекелеседі — бұл бізді қатты қуантады», – дейді Диана Молдахметова.

Федерация ата-аналармен, психологтармен және жаттықтырушылармен тығыз жұмыс істеп, қауіпсіз, қолдай білетін орта қалыптастыруда.

Халықаралық спортқа қадам

Кубок жеңімпаздары ұлттық құраманың қатарына қосылып, халықаралық жарыстарға қатысу, рейтингтік ұпай жинау және әлемдік аренада Қазақстан атынан өнер көрсету мүмкіндіктерге ие болады.

Әрбір турнир боччаның дамуына жаңа серпін береді. Бірнеше жыл бұрын Қазақстан үшін мүлде жаңа болған бұл спорт түрі бүгінде елдің әр өңіріндегі жүздеген бала мен ересектің басын қосып отыр.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Жарыс жарқын әрі эмоцияға толы марапаттау рәсімімен аяқталды. Командалық есепте Алматы спортшылары көш бастады. Астана сенімді түрде екінші орынға жайғасты, ал Жамбыл облысының құрамасы үздік үштікке кірді. 

Жеке, жұптық және командалық сайыстардың нәтижесі бойынша әр санаттағы ең мықты спортшылар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан бочча федерациясының медальдары мен дипломдарын иеленді. Кубокты өткізуге қолдау білдірген серіктес ұйымдардың өкілдері де марапаттау рәсіміне қатысты. 

Жүлделі орындар келесідей ретпен бөлінді:

ВС1F
1-орын: Зарина Арасланова (СҚО)
2-орын: Алина Карамышева (Алматы)
3-орын: Іңкәр Абитай (Алматы)

ВС1F (юниоры)
1-орын: Айзере Құрышбекова (Ақтөбе)

ВС1M
1-орын: Альберт Уразгалиев (Атырау)
2-орын: Мейірбек Уразбек (Астана)
3-орын: Қуаныш Аскарбеков (Жетісу)

ВС1M (юниоры)
1-орын: Елхан Шакиров (Астана)
2-орын: Бекарыс Жармұханбет (Ақтау)
3-орын: Нұрасыл Амангелді (Ақтөбе)

ВС2F
1-орын: Маруа Радилова (Абай обл.)
2-орын: Меруерт Тлебалды (Астана)
3-орын: Аружан Сармантаева (Павлодар)

ВС2F (юниоры)
1-орын: Жанерке Орынбасарқызы (Ақтөбе)
2-орын: Аянат Масалимова (Павлодар обл.)
3-орын: Несібелі Базарбай (Ақтөбе)

ВС2M
1-орын: Нұржан Майкенов (Павлодар)
2-орын: Александр Курмантаев (Павлодар)
3-орын: Эльдар Гребнев (Алматы)

ВС2M (юниоры)
1-орын: Амантай Батханов (Жетісу обл.)
2-орын: Ержан Русланұлы (Павлодар обл.)
3-орын: Жоламан Жолдабай (Ақтөбе)

ВС3F
1-орын: Дилафруз Махамадуллоева (Жамбыл обл.)
2-орын: Гүлзира Мұратқызы (Атырау)
3-орын: Назгүл Исакова (Жамбыл обл.)

ВС3F (юниоры)
1-орын: Аиша Уразалова (Алматы)

ВС3M
1-орын: Темірлан Алтынсары (Астана)
2-орын: Ярослав Осипенко (Астана)
3-орын: Станислав Суфьянов (Павлодар обл.)

ВС3M (юниоры)
1-орын: Айсұлтан Мұхан (Алматы)
2-орын: Ізмұхаммед Сағы (Атырау)
3-орын: Ардақ Алтынбасов (Ақтау)

ВС4F
1-орын: Ақзияш Таубалдиева (Алматы)
2-орын: Эльмира Мусралиева (Алматы)
3-орын: Айгерім Танысбаева (Жамбыл обл.)

ВС4M
1-орын: Азамат Аязбаев (Алматы)
2-орын: Жасұлан Кабдулов (Атырау)
3-орын: Ақжол Берікболсын (Түркістан)

ВС4M (юниоры)
1-орын: Мадияр Мұратхан (Жетісу)
2-орын: Дамир Әлімжан (Маңғыстау обл.)

ВС3 (жұптық сайыс)
3-орын — Ақтөбе
2-орын — Астана
1-орын — Жамбыл обл.

ВС4 (жұптық сайыс)
2-орын — Жамбыл обл.
1-орын — Алматы

Бочча бойынша Қазақстан Республикасының Кубогындағы командалық жарыстардың жеңімпаздары:

3-орын — Қарағанды обл.
2-орын — Маңғыстау обл.
1-орын — Астана.